Жетісуда оқушының өліміне қатысты екі қылмыстық іс қозғалды
Жетісу облысының Сарқан ауданындағы Алмалы ауылында сегізінші сынып оқушысы сыныптасының қолынан қаза тапты. Күдікті жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқушылар арасында жанжал сабақтан кейін болған. Оқиға кезінде жасөспірімдердің бірі пышақ жарақатын алып, көз жұмған.
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті заңды өкілдерімен бірге полицияға жеткізілген.
Бұдан бөлек, білім беру ұйымы қызметкерлеріне қатысты да қылмыстық іс тіркелді. Тергеу балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта екі істің де тергелуі облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу құпиясына байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
Айта кетейік, осыған дейін Шымкентте банкет залында жұмыс істеп жүрген 13 жастағы оқушы қайтыс болған еді.
- Соңғы
- Қазан, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қазан 2026