Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кличко Киев тұрғындарына қаладан кетуді ұсынды

kz.kursiv.media

Кличко Киев тұрғындарына қаладан кетуді ұсынды

Киев мэрі Виталий Кличко басқа қалада туыстары немесе достары бар тұрғындарға уақытша көшуді ұсынды, деп хабарлайды Kursiv.media.

DW ақпаратына қарағанда, бұған Ресей шабуылдары күшейгені түрткі болған.

«Қазір мәселе – аман қалу», – деді Кличко.

Кличко Ресейдің соққылары салдарынан су жүйесі істен шықса, қалада ауқымды дағдарыс туындауы мүмкін екенін ескертті.

Сонымен бірге ол тұрғындарды жаппай эвакуациялауға шақырмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, билік қысқа дайындалып, қосымша жылу жүйелерін әзірлеп, жанармай, азық-түлік пен ауызсу қорын жинап жатыр.

Алайда әуе қорғанысы шабуылдардың бетін қайтара алмаса, жағдайдың күрделенуі мүмкін екенін айтты.

Қыркүйекте Ресей Киевке шабуылдарын жиілетті. Қазан айының басында Днепр өзенінің екі жағалауын жалғайтын көпірлерге, энергетика, байланыс нысандары мен теміржол инфрақұрылымына соққы жасалды.

3 қазанда Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің әуе шабуылдары арқылы Киев пен басқа да ірі қалалардың тұрғындарын көшуге мәжбүрлеуге тырысып жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Вашингтон мен Киев Украинадағы соғысты қысқа дейін аяқтауға ниетті екенін айтқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар