Астанада пәтер жалдау күрт қымбаттады
Астанада пәтер жалға алу бағасы үш ай қатарынан қарқынды өсіп келеді. Қыркүйек айында жалдау бағасы тамызға қарағанда 5,1%-ға артқан. Сарапшылардың айтуынша, бұл соңғы жылдардағы ең жоғары маусымдық көрсеткіштердің бірі болды, деп жазады Kursiv.Media.
Data Hub сарапшыларының мәліметінше, қыркүйек айында пәтерді жалға алудың орташа бағасы тамыз айымен салыстырғанда 5,1%-ға өскен.
Қазіргі өсу қарқыны салыстырмалы түрде жоғары. Соңғы 10 жыл ішінде қыркүйек айында баспана жалдау бағасы тек екі рет қана – 2022 жылы (+15,7%) және 2021 жылы (+7,4%) күрт өскен.
Баға шілде, тамыз және қыркүйек айында үдеп отыр. Мұндай мезгілде бағаның өсуі қалыпты жағдай болса да, 2016 жылдан бері бірінші рет қатарынан үш ай үздіксіз өсіп отыр.
Бағаның өсу қарқыны бойынша Астана Алматыдан екі еседен астам озып кетті, Алматыда пәтерді бір айға жалға алу ақысы 2,1%-ға өсті.
Сату-сатып алу нарығында елордалық бастапқы нарық бағасы соңғы 15 айда алғаш рет 0,2%-ға арзандады, ал екінші нарықтағы баспана 0,2%-ға қымбаттады.
Алматыда жаңа соғылған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, ал екінші нарықтағы баспана 0,9%-ға қымбаттады.
Оқи отырыңыз: Қыркүйек айында тұрғын үй нарығы қалай өзгерді
- Соңғы
- Қазан, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қазан 2026