Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Гаагадағы Халықаралық сот судьясы Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын алды

kz.kursiv.media

Гаагадағы Халықаралық сот судьясы Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын алды

Оңтүстік Африка Республикасының құқық қорғаушысы, заңгер Наванетхем «Нави» Пиллэй 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты атанды. Бұл туралы 9 қазанда Норвегияның Нобель комитеті хабарлады деп жазады Kursiv Media.

Пиллэй 2008–2014 жылдары БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары қызметін атқарған, Гаагадағы Халықаралық соттың судьясы болған.

Нобель бейбітшілік сыйлығы комитетінің мәліметінше, Пиллэй адамзатқа ортақ құқықтық қағидаттарды ұстанып, кәсіби жолында адам құқықтарын қорғауға басымдық берген.

«Оның еңбек жолын біріктіретін басты ұстаным – адам құқықтарын қорғауға деген адалдығы. Ол мансабының алғашқы жылдарында Нельсон Мандела мен апартеидке қарсы күрескен басқа да азаматтардың құқығын қорғады. Кейін маңызды халықаралық сот процестерінде судья болды», – делінген комитет шешімінде.

Комитет Нави Пиллэйдің мемлекеттер мен олардың басшыларын өз әрекеттері үшін жауап беруге шақырып, зорлық-зомбылық пен қақтығыстардан зардап шеккен адамдарға үміт сыйлағанын атап өтті.

Биыл Нобель бейбітшілік сыйлығына 287 үміткер ұсынылған еді, бірақ олардың есімдері құпия сақталған. Кей БАҚ үміткерлер арасында АҚШ президенті Дональд Трамп та болғанын жазды. Ол бұған дейін бұл сыйлықты алғысы келетінін бірнеше рет айтқан.

2025 жылы Нобель бейбітшілік сыйлығы Венесуэлия оппозициясының жетекшісі Мария Корина Мачадоға берілді. Ол елдегі демократиялық құқықтарды қорғауға және диктатурадан демократияға бейбіт жолмен өтуге күш салғаны үшін марапатталды.

2024 жылы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбалары тасталғаннан зардап шеккендерді біріктіретін жапониялық Nihon Hidankyo ұйымы марапатталды. Ұйым ядролық қарусыздануды қолдап келеді.

2023 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы ирандық құқық қорғаушы Наргес Мохаммадиге табысталды. Ол Ирандағы әйелдерге қысым көрсетуге қарсы күресі, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қосқан үлесі үшін марапатталған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар