Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мақтааралда 17 жастағы қыздың зорлыққа ұшырағаны туралы іс қайта көтерілді

kz.kursiv.media

Мақтааралда 17 жастағы қыздың зорлыққа ұшырағаны туралы іс қайта көтерілді

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 17 жастағы қыздың зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы іс қайтадан қоғам назарында, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, қызды туысы жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп, жалаңаш видеосын тарату арқылы бопсалаған. Кейін оны 12 адамға жыныстық қанауға берген деген ақпарат айтылды.

Жәбірленуші тараптың мәліметінше, қыз сегіз ай бойы зорлық-зомбылыққа ұшыраған.

Қорғаушы Инга Иманбай таратқан ақпаратқа сүйенсек, істі қоғам назарына шығарған журналист Жан Ахмадиевке де қысым жасалып жатыр. Оның үстінен түрлі арыздар түскені белгілі болған.

Сонымен қатар, жәбірленушінің намысын қорғаған ағалары да қысым көріп отырғандарын мәлімдеді.

Айта кетейік, осыған дейін Петропавлда 37 жастағы ер адам мен оның 32 жастағы азаматтық некедегі әйелі кәмелетке толмаған қызға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін сотталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар