LRT құрылысына байланысты Алматыдағы кей автобустың маршруты өзгереді
Алматыда жол жөндеу және апаттық қалпына келтіру жұмыстарына байланысты №12, №98, №68 автобустары мен №ТП5, №ТП6 троллейбустарының жүру бағыты уақытша өзгереді деп жазады Kursiv Media.
Көлік холдингінің мәліметінше, LRT-ның бірінші желісін салу аясында су құбыры мен кәріз желілері қайта жүргізіледі. Осыған байланысты Абылай хан даңғылының Мәметова көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігі көлік қозғалысына толық жабылады.
Жол 10 қазан сағат 08:00-ден 11 қазан сағат 20:00-ге дейін жабық болады. Осы уақыт аралығында №12, №98 автобустары мен №ТП5, №ТП6 троллейбустарының бағыты өзгереді.
Көрсетілген жолдардан кейін көлік бұрынғы бағытымен жүреді.
9 қазаннан бастап №68 автобусының соңғы аялдамасы «Орталық / Жұлдыз» аялдамасына ауыстырылады. Орталық көшесінің Қакимбек Салықов көшесінен Жәңгір хан көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.
Ескерту: №68 автобусының бағыты электр желісіндегі апаттық қалпына келтіру жұмыстарына байланысты өзгертіледі.
- Соңғы
- Қазан, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қазан 2026