Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағандыда жаңа футбол стадионы салынады

kz.kursiv.media

Қарағандыда жаңа футбол стадионы салынады

Қарағанды қаласында 16 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионын салу жобасы қарастырылып жатыр. Бұл туралы «Шахтер» футбол клубының иесі Тимур Турлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа стадионды «Шахтер» клубының футбол академиясына жақын аумақта салу жоспарланған. Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – ашылып-жабылатын шатыр.

Тимур Турлов мұндай шешім Қарағандының ауа-райына байланысты маңызды екенін атап өтті.

«Менің естуімше, қазір 16 мың көрерменге арналған стадион жобасы қарастырылып жатыр. Оның ашылып-жабылатын шатыры да болады. Қарағандының климатын ескерсек, бұл өте маңызды. Алдағы бірнеше онжылдықта қызмет ететін жақсы нысан болады деп үміттенемін», – деді клуб иесі.

Сонымен қатар «Шахтер» академиясының аумағында жастар командасына арналған жеке стадион салу көзделген. Оның сыйымдылығы кемінде 6,5 мың көрерменге есептелмек.

Академия аумағында жаттығу алаңдары мен жабық футбол манежін салу да жоспарланып отыр. Бұл нысандар жас футболшылардың жыл бойы жаттығуына мүмкіндік бермек.

Турловтың сөзінше, «Шахтер» клубы Қарағанды қаласының әкімдігімен бірлесіп, үлкен стадион жобасын әзірлеу жұмыстарына қатысып жатыр.

Әзірге жаңа стадион құрылысының нақты басталу мерзімі, құны және пайдалануға берілетін уақыты жарияланған жоқ.

Оқи отырыңыз: Турлов «Шахтер» клубы мен академиясын дамытуға 16 млрд теңге жұмсайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар