Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодарда пойыз жолында аяғынан айырылған 22 жастағы жігіт қайтыс болды

kz.kursiv.media

Павлодарда пойыз жолында аяғынан айырылған 22 жастағы жігіт қайтыс болды

Павлодарда теміржолда ауыр жарақат алған 22 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер оның өмірін бір аптадан астам уақыт сақтап қалуға тырысқан, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 2004 жылы туған азамат 2026 жылғы 30 қыркүйекте аса ауыр жағдайда Г. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жеткізілген. Оның сол аяғы жарақат салдарынан толықтай үзіліп кеткен.

Науқасқа шұғыл ота жасалып, кейін бірнеше рет хирургиялық араласу жүргізілген. Дәрігерлер қарқынды емдеу және реанимациялық шараларды да қолданған. Алайда алған жарақаттарының ауырлығына байланысты ол 8 қазанда қайтыс болды.

Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға байланысты Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Балқаш қаласына кіре берістегі көпір астында орналасқан теміржол учаскесінде жүк пойызы 34 жастағы ер адамды қағып кеткен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар