Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Астана – Қабанбай» тасжолын жөндеу тендерін ұтқан мердігер заң бұзған

kz.kursiv.media

«Астана – Қабанбай» тасжолын жөндеу тендерін ұтқан мердігер заң бұзған

Жол жөндеу тендерлеріне қатысатын мердігерлердің штатында тиісті білімі бар учаске бастығы болуы қажет. Алайда құны 2,4 млрд теңге болатын «Астана – Қабанбай» республикалық автожолын орташа жөндеу жобасында жеңімпаз компания бұл талапқа сәйкестігін өзінде жұмыс істемейтін адамның құжаттары арқылы растаған, деп жазады Kursiv Media.

Бұдан бөлек, басқа қатысушылардың өтінімдеріне учаске бастықтарының түпнұсқалығы расталмаған дипломдары тіркелген.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жекелеген компанияларды мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларына қатысты сотқа жүгінген. Талаптардың бірі қанағаттандырылып, қалғандары сот қарауында жатыр.

Сонымен қатар прокуратура жол нысандарындағы техникалық қадағалау жұмыстарына қатысты да заң бұзуды анықтады. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, техникалық қадағалау мамандары жол-құрылыс материалдары мен жасырын жұмыстардың сапасын тұрақты тексеруге міндетті.

Алайда тексеру барысында бір техникалық қадағалау маманының бір мезгілде бес автожол учаскесіне жауапты болған жағдайлары анықталған. Жалпы 19 жол нысанына тартылған алты жауапты тұлға белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау шараларынан кейін техникалық қадағалау мамандарының саны мердігерлік нысандардың нақты көлеміне сәйкестендірілді. Заң бұзуға жол берген кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауаптылыққа тартылды.

Тағы да оқыңыз: Ақтөбеліктер мемлекеттік сатып алуға қатысамын деп 100 млн-нан айырылды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар