Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Трамп Meta компаниясының 25 миллион долларға дейінгі акцияларын сатып алды

kz.kursiv.media

Трамп Meta компаниясының 25 миллион долларға дейінгі акцияларын сатып алды

АҚШ президенті Дональд Трамп Meta технологиялық компаниясының 25 миллион долларға дейінгі акцияларын сатып алды, деп жазады Kursiv Media.

CNBC телеарнасының хабарлауынша, Трамп тамыз айында қаржы активтерін сатып алу және сату бойынша 517 операция жасаған. Олардың ішіндегі ең ірі мәміле Meta компаниясының 5 миллионнан 25 миллион долларға дейінгі акцияларын сатып алу болған.

Телеарна жүргізген талдауға сәйкес, 18 беттен тұратын қаржылық есеп Трамптың инвестициялық портфеліндегі белсенділіктің жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар мәмілелер саны маусым және шілде айларымен салыстырғанда азайған. Ол айларда Ақ үй басшысы әр айда мыңнан астам қаржылық операция туралы мәлімет жариялаған.

Сонымен қатар Трамп Netflix, Chevron және AT&T компанияларының әрқайсысынан 1–5 млн доллар көлемінде акциялар алған. Ал SpaceX компаниясының 1–5 млн долларлық корпоративтік облигацияларын сатып алған.

Бұдан бөлек, Трамп Nvidia акцияларын 1,6 млн долларға дейін сатып алып, кейін 1 млн долларға дейінгі акцияларын сатқан.АҚШ заңнамасы президентті акцияларын сатуға міндеттемейді. Трамптың инвестициялық портфелін тәуелсіз басқарушылар оның алдын ала мақұлдауынсыз басқарады.

Дегенмен мемлекеттік қызметкерлерге жарияланбаған ақпарат негізінде сауда жасауға тыйым салынады.Трамп Nvidia басшысы Дженсен Хуангқа, SpaceX жетекшісі Илон Маскқа және Google негізін қалаушылардың бірі Сергей Бринге ұлттық ғылым медалін табыстауды жоспарлаған.

Тағы да оқыңыз: Трамп 6,6 млрд долларға сүңгуір әскери кеме жасайтын зауыт салмақшы

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар