Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ-та бұрынғы әскери қызметшінің өлім жазасы тікелей эфирде көрсетіледі

kz.kursiv.media

АҚШ-та бұрынғы әскери қызметшінің өлім жазасы тікелей эфирде көрсетіледі

АҚШ-та 2009 жылы Форт-Худ әскери базасында 13 адамды өлтірген бұрынғы майор Нидаль Малик Хасанның өлім жазасы тікелей эфирде көрсетіледі, деп жазады Kursiv Media.

56 жастағы Хасанды ату жазасына кесу 3 желтоқсанда Техас штатындағы Форт-Худ базасында жоспарланған.

Reuters мәліметінше, ол 1945 жылдан бері АҚШ әскери күштері ату арқылы өлім жазасын орындайтын алғашқы сотталған адам болмақ.

Бұл жазаны АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет ұсынған, ал президент Дональд Трамп оны қолдаған.

Хегсет жазаның көпшілікке көрсетілуін қалайтынын да мәлімдеген.2009 жылғы 5 қарашада Хасан әскери базада медициналық тексеруден өтіп жатқан қарусыз әріптестеріне оқ атқан. Салдарынан 13 адам қаза тауып, көп адам жараланған. Өзі де жараланып, содан бері екі аяғы сал болып қалған.

2013 жылы әскери трибунал оны тағылған 32 айыптың барлығы бойынша кінәлі деп танып, өлім жазасына кескен. Сот шабуылдың «әл-Қаида» террористік ұйымының идеологиясымен байланысты болғанын анықтаған. Дональд Трамп 2025 жылдың басында Ақ үйге оралғаннан кейін АҚШ-та орындалған өлім жазаларының саны күрт өскен. Елдің бес штатында сот үкімі бойынша ату жазасын қолдануға рұқсат етілген.

Тағы да оқыңыз: Өлім жазасы қолданылған америкалық әйел тіріліп кетті

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар