Air Astana Оманға жаңа рейстер ашады
Air Astana әуе компаниясы Оманның Салала қаласына Алматы мен Астанадан тұрақты рейстерді іске қосады. Жаңа бағыттар бойынша ұшулар 23 және 24 қазанда басталады деп жазады Kursiv Media.
Көлік министрлігінің мәліметінше, Алматы – Салала бағыты бойынша алғашқы рейс 23 қазанда орындалады. Ұшақтар аптасына бір рет, жұма күндері ұшады. Ал Астана – Салала бағыты бойынша рейстер 24 қазаннан бастап сенбі күндері орындалады. Екі бағытта да Airbus A320 ұшақтары пайдаланылады.
Қазір Оманға Алматы – Маскат бағыты бойынша Salam Air әуе компаниясы рейстер орындайды.
Министрлік жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан мен Оман арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтып, іскерлік және туристік сапарларды дамытуға мүмкіндік береді деп күтеді.
Еске салайық, 5 қазанда Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ әл-Саидтың Орталық Азияға және Астанаға алғашқы сапарымен келген. Ол Тоқаевпен кездесіп, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, IT және цифрландыру, денсаулық сақтау мен фармацевтика салаларын қамтитын бірқатар келісімдерге қол қойды.
Оқи отырыңыз: Мұнай, инвестиция, жаңа нарықтар: Оман сұлтанының сапары Қазақстанға не береді
- Соңғы
- Қазан, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қазан 2026