Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев пен ТМД елдерінің басшылары ұлттық тағамдар фестиваліне қатысты

kz.kursiv.media

Тоқаев пен ТМД елдерінің басшылары ұлттық тағамдар фестиваліне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД мемлекеттерінің басшылары Түрікменстанда өткен ұлттық тағамдар фестиваліне барды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Фестивальде ТМД елдерінің мәдениеті мен ұлттық ерекшеліктерін таныстыратын павильондар ұсынылды. Түрікменстан павильонында жергілікті ауыл шаруашылығы және нан-тоқаш өнімдері, сондай-ақ ұлттық кілемдер қойылды. Қонақтарға «Оғыздар» атты әдеби-сазды қойылым көрсетілді.

Қазақстанның ұлттық павильонында елдің тарихи-мәдени мұрасы мен заманауи жетістіктерін таныстыратын тақырыптық алаңдар ұйымдастырылған.

Мемлекет басшылары ТМД елдерінің ұлттық тағамдарын дайындау барысымен де танысты.

Фестиваль аясында президенттердің қатысуымен «Жүйріктің шабысы: күш пен сымбат» телевизиялық фильмдер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Айта кетейік, Тоқаев қазір Түркіменстанда жүр. Ол 8–9 қазан күндері Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен Авазада өтетін бірқатар халықаралық жиынға қатысады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар