Алматыда күйген мәйіті табылған полицей ісі бойынша тергеу аяқталды
Алматыда қалалық полиция департаментінің 37 жастағы қызметкерін өлтіру ісі бойынша тергеу аяқталды. 29 қыркүйекте қылмыстық іс сотқа жолдау мәселесін шешу үшін прокуратураға жіберілді деп жазады Kursiv Media Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Іс ауырлататын мән-жайлар кезінде адам өлтіру бабы бойынша тергелген.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді департаменттің Тергеу басқармасы жүргізген.
«Бұл дерек бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Қылмыстық іс материалдары белгіленген тәртіпке сәйкес сотқа жолдау мәселесін шешу үшін Алматы қаласының прокуратурасына жіберілді», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Еске салайық, 23 маусым күні Кеген асуы маңынан күйген мәйіт табылды. Оның Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, 37 жастағы Аслан Әлсеров екені белгілі болды. Оның өліміне күдікті ретінде марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталды.
- Соңғы
- Қазан, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қазан 2026