Алматының республикаға беретін қаржысы 2023 жылдан бері 2,9 есе өседі
2027 жылы Алматы бюджетінен республикалық қазынаға 600,9 млрд теңге алу көзделген. Бұл 2026 жылғы жоспардан 109,1 млрд теңгеге, яғни 22,2%-ға көп. Қала үш донор өңірден алынатын қаражаттың жартысынан астамын қамтамасыз етпек, деп хабарлайды Kursiv Media.
2027 жылғы республикалық бюджет жобасында Алматы, Астана және Атырау облысынан жалпы 1,08 трлн теңге бюджеттік алып қою қарастырылған. Оның ішінде Алматыға 600,9 млрд теңге, Астанаға 241 млрд теңге, Атырау облысына 237,9 млрд теңге тиесілі.
Нақты сомалармен есептегенде, Алматының үлесі 55,7% болады. Бұл республикалық бюджеттің барлық кірісіндегі үлес емес, аталған үш өңірден алынатын бюджеттік алып қоюлар ішіндегі үлесі.
Республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлар · млрд теңге
Деректердің мәртебесі: 2023–2025 — заңмен бекітілген көлемдер, нақты кассалық аударым ретінде көрсетілмейді. 2026 — толық жылға жоспар. 2027 — бюджет жобасындағы және трансферттер заңындағы жоспар.
Бұл Алматыдан түсетін барлық салық емес, қала бюджетінен республикалық бюджетке алынатын қаражат. Өсім бастапқы дәл сомалармен есептелді.
Дерек: 2023–2025 жылдарға арналған заң; 2026–2028 жылдарға арналған заң; 2027 жылғы бюджет жобасы туралы.
Есептеу: Kursiv Media · Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы
600,9 млрд теңге тек жаңа бюджет жобасында пайда болған көрсеткіш емес. Бұл көлем 2025 жылғы желтоқсанда қабылданған 2026–2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы заңда да белгіленген.
Алматыдан республикалық бюджетке алып қоюлардың заңмен бекітілген көлемі 2023 жылы 207,2 млрд теңге, 2024 жылы 226,1 млрд теңге, 2025 жылы 251,5 млрд теңге болған. Бұл сомалар тиісті үшжылдық кезеңге арналған трансферттер туралы заңда көрсетілген.
2026 жылғы толық жылға жоспар 491,9 млрд теңгеге көтерілген. Ал 2027 жылы 600,9 млрд теңге қарастырылған. Осылайша, келесі жылғы жоспар 2023 жылғы бекітілген көлемнен шамамен 2,9 есе жоғары.
- Соңғы
- Қазан, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қазан 2026