Ақтөбеде қауіпті мұнай қалдықтарын өңдеген кәсіпорын басшысы жазаланды
Ақтөбе облысының табиғатты қорғау прокуратурасы «ЖАН-АМИ и К» ЖШС-нің заңсыз қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Kursiv.media.
Бас прокуратураның хабарлауынша, тексеру барысында кәсіпорынның 2024-2025 жылдары тиісті мемлекеттік лицензиясыз 1 400 тоннадан астам қауіпті мұнай қалдықтарын қайта өңдеуді жүзеге асырғаны анықталды.
«Заңсыз қызмет нәтижесінде серіктестік 393 млн теңге көлемінде табыс тапқан. Прокуратура материалдары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп, оны Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізді», -делінген ақпаратта.
Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылды.
Сот оған мүлкін тәркілей отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.
Қазақстан Республикасының «Рақымшылық туралы» Заңы негізінде сотталған адам негізгі жазадан босатылды. 393 млн теңге заңсыз алынған табысы мемлекет кірісіне өндірілді.
Сот үкімі апелляциялық сатыда өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді.
Айта кететін жайт, Жетісу облысында шетелдік қатысуы бар компанияның 2,3 мың гектардан астам жері мемлекетке қайтарылды.
- Соңғы
- Қазан, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қазан 2026