Anthropic Claude нейрожелісін қорлауға тыйым салды
Америкалық Anthropic компаниясы Claude жасанды интеллектін пайдалану ережелерін жаңартты. Енді компания нейрожелі модельдерін жүйелі түрде және себепсіз қорлауға тыйым салады деп жазады Kursiv Media.
Компанияның түсіндіруінше, жаңа ереже пайдаланушылардың жай ғана наразылығын білдіруіне, модельдің жауабымен келіспеуіне немесе нейрожеліні сынақтан өткізіп, зерттеу жүргізуіне кедергі келтірмейді.
Anthropic ережені бірнеше рет бұзған пайдаланушыларға ескерту жасап, аккаунтын шектеуі немесе бұғаттауы мүмкін екенін ескертеді. Бірақ Claude-ты қорлағаны үшін автоматты түрде қандай жаза қолданылатыны нақты көрсетілмеген. Кейбір ерекше жағдайда Claude диалогты өзі аяқтай алады. Ондайда сол чатқа жаңа хабарлама жібере алмайсыз, бірақ жаңа чат ашуға болады.
Компания мұндай өзгеріс енгізерден бұрын алдын ала зерттеу жүргізген. Сонда Claude модельдері зиян келтіруі мүмкін кейбір сұрауларды орындаудан бас тартатынын көрсеткен. Әсіресе, кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы контент, зорлық-зомбылық және террорлық әрекеттерге байланысты ақпарат сұрағанда жауап табудан бас тартқан.
Anthropic бұған дейін Claude чат-ботын сайлауға араласу, адамның рұқсатынсыз оны бақылау және қару жасау үшін пайдалануға да тыйым салған.
Еске салайық, биыл жазда Anthropic компаниясы АҚШ-та IPO-ға шығу үшін құпия түрде өтінім берді. Бұл Уолл-стриттегі жасанды интеллект дүрбелеңінің нағыз тарихи бетбұрысы болуы әбден мүмкін.
- Соңғы
- Қазан, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қазан 2026