Автомагистральда жол жиегіне тоқтауға бола ма – қауіпсіздік ережелері
Жол жиегіне тоқтап, тамақтанып алу, телефонмен сөйлесу немесе аздап тынығу қалыпты әрекет сияқты көрінуі мүмкін. Алайда тасжолда, әсіресе автомагистральда, мұндай аялдама қауіпті болуы ықтимал. «ҚазАвтоЖол» автомагистральдарда тоқтау ережелерін түсіндіріп, мұндай жағдайда не істеу керегін еске салды.
Елдегі жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, автомагистральдарда арнайы белгілермен көрсетілген тұрақ немесе демалыс алаңдарынан тыс жерде тоқтауға тыйым салынады. Бұл талап «Автомобильдерге арналған жол» белгісі орнатылған жолдарға да қатысты.
Қараңғыда, жаңбыр немесе қар жауып тұрғанда жол жиегінде тұрған көлікті байқау қиындайды. Әсіресе басқа автомобильдер жоғары жылдамдықпен қозғалып келе жатқанда, қауіп арта түседі. Сондықтан демалуды алдын ала жоспарлап, жол жиегіне емес, арнайы аялдау алаңына тоқтаған жөн.
Көлік бұзылса немесе басқа себеппен тоқтауға мәжбүр болсаңыз, ең алдымен өз қауіпсіздігіңізді ойлап, басқа жүргізушілерге ескерту қажет.
Тағы да оқыңыз: Тасжолда апаттық жағдай тудырмас үшін қалай тоқтаған дұрыс – «ҚазАвтоЖол» ескертуі.
- Соңғы
- Қазан, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қазан 2026