Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Демалыс күндері кей өңірлерде қар жауып, кей жерде +28 градусқа дейін ысиды

kz.kursiv.media

Демалыс күндері кей өңірлерде қар жауып, кей жерде +28 градусқа дейін ысиды

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес елдің орталығы мен оңтүстігінде жауын шашынсыз ауа райы күтіледі. Ал солтүстік-батыста және солтүстікте, елдің шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Синоптиктер 10-12 қазанда елдің орталығында, 10-11 қазанда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтілетінін айтты.

10–11 қазанда оңтүстік-батыста, 11–12 қазанда солтүстік-батыста және солтүстікте, 10 және 12 қазанда шығыста, 12 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады деп болжанады.

10 қазанда елдің шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін.

10 қазанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. 12 қазанда Түркістан облысында қатты жаңбыр болжанады.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз ел аумағында ауа температурасы жоғарылайды. Батыс аймақтарда термометр бағаны +22…+27°С-қа дейін көтерілсе, солтүстік-батыста +17…+25°С, солтүстікте, орталықта және шығыста +10…+22°С аралығында болады.

Оңтүстікте, оның ішінде Қызылорда облысында күн +23…+28°С-қа дейін ысиды, ал Түркістан облысында керісінше +18…+23°С-қа дейін төмендейді.

Елдің оңтүстік-шығысында негізгі температура фоны +17…+25°С төңірегінде сақталады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар