Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Иран мен Түрікменстанға жүк тасымалы артады

kz.kursiv.media

Иран мен Түрікменстанға жүк тасымалы артады

Маңғыстау облысы арқылы Иран мен Түрікменстанға жүк тасымалы арттыруға мүмкіндік ашылды, деп хабарлайды Kursiv.media.

ҚазАвтоЖол ақпаратына қарағанда, Жаңаөзен қаласынан Түркіменстан шекарасына дейінгі жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Жаңаөзен мен Түрікменстан арасына көлік 7 сағат жүреді. Енді бұл аралық 2 сағатқа қысқарады. Екі ортадағы жолға күрделі жөндеу жүріп жатыр. Бұл Маңғыстау облысындағы «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан Республикасы шекарасы» бағытының 179-229-шақырым аралықтары», – делінген ақпаратта.

Ұлттық компанияның мәліметінше, бұл – халықаралық транзиттік бағыттың маңызды бөлігі саналады. Түрікменстан мен Иран бағытында транзиттік жүк тасымалын арттырады.

Айта кететін жайт, 46 жыл жөндеу көрмеген Рудный қаласының батыс айналма жолы жаңартылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар