Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев: Каспийді сақтап қалу – мемлекет қайраткерлерінің арына сын

kz.kursiv.media

Тоқаев: Каспийді сақтап қалу – мемлекет қайраткерлерінің арына сын

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Каспий экология саммитінде теңіздің тартылуы аймақ елдеріне үлкен қауіп төндіріп отырғанын мәлімдеді. Ол Каспийді сақтау үшін мемлекеттерді бірлескен шараларды жедел қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Мемлекет басшысының айтуынша, 2000–2025 жылдары Каспий теңізінің аумағы 16 мың шаршы шақырымнан астамға қысқарған. Бұған өзендер ағынының азаюы, климаттың жылынуы және адам әрекетінің әсері себеп болып отыр. Сонымен қатар, соңғы ғасырда Каспий итбалықтарының саны 1 миллионнан 270 мыңға дейін азайған.

«Бір кездері „Ұлы теңіз“, „Қарт Каспий“ деп ардақтаған айдынды сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана емес, арымызға сын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Каспийдің тартылуы кеме қатынасына, порттарға, балық шаруашылығына, энергетикаға және жағалаудағы елді мекендердің дамуына кері әсер ететінін атап өтті. Оның сөзінше, өңірде климаттың өзгеруі салдарынан осы ғасырдың соңына қарай температура 5 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Тоқаев Қазақстанның Солтүстік Аралды қалпына келтіру тәжірибесін Каспийді сақтауға қолдануға болатынын айтты. Оның мәліметінше, Солтүстік Аралдың су айдыны 36 пайызға ұлғайып, су сапасы мен балық қоры жақсарған.

Мемлекет басшысы Каспий маңы елдеріне ортақ ғылыми зерттеулер жүргізуді, спутниктік технологиялар мен жасанды интеллект негізінде цифрлық мониторинг жүйесін құруды ұсынды. Сондай-ақ, итбалықтарды және теңіздің биоалуантүрлілігін қорғау, заңсыз балық аулауға қарсы күрес шараларын күшейту қажеттігін жеткізді.

Тоқаев Каспийдің экологиялық мәселелерін шешу үшін халықаралық қаржыландыруды кеңейтіп, су ресурстарын басқару жөніндегі ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, теңізді сақтау үшін жағалаудағы мемлекеттердің күш-жігерін біріктіру қажет.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдеріне ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыру үшін аймақтық телеарна ашуды ұсынды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар