Қазақстанда қарызын өтей алмай отырған 68 медициналық ұйым бар
Қаржы министрлігі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қарамағына алғаннан кейін тоғыз айда 23,4 млрд теңге көлемінде қаржылық шығынның алдын алды. Бұл туралы Kursiv Media жазады.
Қозғалған қылмыстық істер аясында медициналық қызмет көрсетушілерге заңсыз төленген 7,9 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды.
Ведомство мәліметінше, қаражаттың мақсатсыз жұмсалуын анықтау үшін жасанды интеллект негізіндегі жүйелер де қолданылады. Олар күмәнді операцияларды ақша аударылғанға дейін анықтауға мүмкіндік береді.
Осы өзгерістерден кейін медициналық ұйымдарға бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып, ауруханаларға көрсетілген медициналық қызмет үшін ақы төлеу мүмкіндігі кеңейді.
Қазақстан бойынша қарызын уақытында өтей алмай отырған 68 медициналық ұйым анықталды. Олардың әрқайсысының қаржылық жағдайын жақсарту үшін жергілікті әкімдіктермен бірлесіп арнайы жоспар әзірленді.
2026 жылдың соңына дейін ауруханалардың мерзімі өткен қарызын 17 млрд теңгеден 10 млрд теңгеге дейін азайту жоспарланып отыр.
Алдағы уақытта медициналық көмекті қаржыландыру жүйесі жетілдіріледі. Негізгі мақсат – ақшаны тиімді жұмсау, ауруханалардың қарызын азайту және науқастардың қажетті емді уақытында алуына мүмкіндік жасау.
Оқи отырыңыз: «МӘМС талап етілмейді»: емханаларда базалық медициналық қызметтер тегін көрсетіледі
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қазан 2026