Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркия жасөспірімдерге әлеуметтік желі пайдалануға ресми тыйым салды

kz.kursiv.media

Түркия жасөспірімдерге әлеуметтік желі пайдалануға ресми тыйым салды

Түркия ресми түрде жасөспірімдерге әлеуметтік желі қолдануға тыйым салды деп жазады Kursiv Media.

Үкімет бекіткен құжат бойынша әлеуметтік желілер балалардың қауіпсіздігіне өздері жауап береді. Яғни платформалар қызметтерін әуел бастан балаларға қауіпсіз болатындай етіп әзірлеуі керек.

Жаңа ережеге сәйкес, 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіде аккаунт ашуға және платформалардың қызметін пайдалануға рұқсат берілмейді. Қолданушының жасын тексеру үшін әлеуметтік желілер Түркияның e-Devlet мемлекеттік цифрлық қызметтер порталы арқылы жеке басын растау жүйесін енгізуге міндетті болады.

Ал 15–17 жастағы жасөспірімдер үшін қосымша шектеулер қарастырылған. Олардың аккаунттары әдепкіде жабық болады, тікелей эфир жүргізуіне тыйым салынады. Сондай-ақ оларға арналған жекелендірілген жарнама көрсетілмейді. Шексіз жаңарып отыратын лента мен видеоларды автоматты түрде ойнату функциялары да өшіріледі. Бұған қоса, басқа қолданушылар жасөспірімдердің жазылушылары мен байланыс тізімін көре алмайды.

Талаптарды орындамаған әлеуметтік желілерге қатаң жаза қолданылады. Түркияның Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар басқармасы компанияларға әлем бойынша бір жылда тапқан табысының 3%-ына дейін айыппұл сала алады.

Ережені қайта бұзған жағдайда әлеуметтік желінің Түркия аумағындағы жұмысын баяулату қарастырылған. Интернетке қосылу жылдамдығы 90%-ға дейін төмендетілуі мүмкін. Ал ең қатаң шара ретінде платформаға ел аумағында толық тыйым салынуы ықтимал.

Жаңа қаулы 2026 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді. Осы күннен бастап әлеуметтік желілерге жаңадан тіркелетін қолданушыларға жаңа талаптар қолданылады.

Мәтінді жаңалық стиліне ықшамдаТақырыпқа бейтарап нұсқа ұсын

Платформы обязаны идентифицировать всех действующих пользователей и заблокировать профили лиц младше 15 лет до 31 марта 2027 года — это крайний срок.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар