Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Flydubai ұшқышы ұшақты әуежайға барып соғуды жоспарлаған

kz.kursiv.media

Flydubai ұшқышы ұшақты әуежайға барып  соғуды жоспарлаған

Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған Flydubai әуе компаниясының пилоты лайнерды Бен-Гурион атындағы әуежайдың жолаушылар терминалына апарып соқпақ болған. Біріккен Араб Әмірліктерінің Бас прокуроры Хамад Саиф Аль-Шамси осылай мәлімдеді деп жазады Kursiv Media

Бас прокурордың айтуынша, Оман елінің 29 жастағы азаматы АҚШ-тағы 2001 жылғы 11 қыркүйектегі терракт сценарийін қайталауды көздеген. Тергеу барысында ұсталған пилот бұл шабуылды жалғыз дайындағанын және мүмкіндігінше көп адамды қазаға ұшыратуды мақсат еткенін мойындады.

Лаңкестік әрекетке дайындық аясында күдікті бағытпен және әуежай құрылымымен танысу үшін Тель-Авивке екі рет рейс жасаған.

Аль-Шамси атап өткендей, ол Flydubai компаниясына жұмысқа орналасар алдында қауіпсіздікті тексерудің барлық кезеңінен өткен, пилоттық лицензиясы мен сотталмағаны туралы анықтамасын толық ұсынған.

«Тексеру процедураларының ешқайсысы бойынан экстремистік көзқарастарды немесе теракт жасау ниеттерін анықтаған жоқ», – деді БАӘ Бас прокуроры.

Еске салайық, 30 қыркүйекте Flydubai ұшағы «басып алу» туралы төтенше сигнал берген. Артынша Дубай қаласынан Тель-Авивке ұшып бара жатқан әуе көлігінен бортты басып алу туралы код келеді. Дегенмен 150 жолаушысы бар ұшақ дін-аман Сауд Арабиясына шұғыл қонды. Кейін көкте екі пилоттың төбелесіп, бірі екіншісін пышақтамақ болғаны белгілі болды. Оқиғаға жолаушылар араласып, екінші пилотты аман алып қалған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар