Ақтаудағы тұрғын үйдің бірінде подъезде ұйықтап жатқан баланың суреті тарады
Желіде Ақтаудағы тұрғын үйдің подъезінде жерде жатқан баланың суреті тарады. Жағдайға облыстық балалардың құқығын қорғау басқармасы араласты деп жазады Kursiv Media Lada-ға сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, 8 қазанда жасөспірім кешке үйінен ойнауға шығып кеткен. Түнгі сағат ондар шамасында анасы оның аулада ойнап жүргенін көрген. Кейінірек ол досын күтіп тұрып, екінші қабаттың кіреберісінде ұйықтап қалған көрінеді. Өтіп бара жатқан әйел 14 жасар жасөспірімнің ұйықтап жатқанын байқап, үстіне көрпе жауып кеткен.
Облыстық басқарма мәліметінше, балаға «эпилепсия» деген диагноз қойылған, невролог есебінде тұр. 10 қазанда жасөспірімнің отбасына облыстық балалардың құқығын қорғау басқармасы мамандары мен Психологиялық қолдау орталығы мамандары барған. Бірақ үйінде анасы болмаған, есігін кілттеп балаларды үйде қалдырып кеткен.
Басқарма жасөспірімнің өзімен және ата-анасын көріп, тілдескеннен кейін қосымша ақпарат жариялайтынын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз: Көкшетауда мектеп маңында жүріп келе жатқан көліктен бала түсіп қалды
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қазан 2026