Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кондиционер орнатам деген жұмысшы 15-қабаттан құлап кете жаздады

kz.kursiv.media

Кондиционер орнатам деген жұмысшы 15-қабаттан құлап кете жаздады

Астанада кондиционер орнатып жатқан жұмысшы шамамен 50 метр биіктіктен құлап кете жаздаған деп жазады Kursiv Media.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Есіл ауданындағы Сауран көшесінде болған. Ол тұрғын үйдің 15-қабаты деңгейіндегі бекіткішке ілініп қалған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар автосатының көмегімен 1990 жылы туған ер адамды жерге түсірген.

ТЖМ биіктікте жұмыс істеген кезде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, жарамды жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттігін еске салды.

Биыл көктемде жезқазғандық тұрғынның көпқабатты үйдің терезесінен құлап кете жаздаған еді. Оны полиция қызметкерлері құтқарып алды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар