Келесі аптада Қазақстанға Бельгия королі мен патшайымы келеді
11–14 қазан аралығында Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Олар елге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен қонақ болады деп жазады Kursiv Media
Сапар аясында Қазақстан мен Бельгия арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, король Филипп пен патшайым Матильда «Қазақстан – Бельгия» іскерлік кеңесінің төртінші отырысына, сондай-ақ екі елдің жоғары оқу орындары ректорларының форумына қатысады. Бұдан бөлек, бірқатар іс-шара өткізу жоспарланған.
Сапар қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірнеше құжатқа қол қойылады.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қазан 2026