Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Нұрай Серікбай ісі: Адвокат тергеушілерді марапатқа ұсынды

kz.kursiv.media

Нұрай Серікбай ісі: Адвокат тергеушілерді марапатқа ұсынды

Марқұм Нұрай Серікбай туыстарының адвокаты Аянхан Омаров іске зерттеумен айналысқан тергеушілерді марапатқа ұсынды. Бұл туралы ол жеке парақшасында хабарлады деп жазады Kursiv Media.

Ол істің ашылуына үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау туралы ІІМ министрі Е. Саденовке өтініш жолдаған. Олардың қатарында ІІМ министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Санжар Әділов, Шымкент қаласы ПД бастығы, полиция генерал-майоры Мұхтар Қожаев, Шымкент қаласы ПД Тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Құлмахан, Шымкент қаласы ПД Тергеу басқармасының тергеушісі, полиция майоры Әділғазы Төрехан да бар. Осы арқылы құзырлы орган өкілдеріне ризашылығымызды білдіргіміз келеді дейді ол.

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбай 2026 жылдың 11 қаңтары қаза тапты. Сот материалдарына сәйкес, қызға 35 рет пышақ жарақаты салынған. Өліміне күдікті ретінде танысып, сөйлесіп жүрген Шерхан Аймахан ұсталды. 13 тамызда іске қатысты сот үкімі шығып, Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Қылмыскер қорғаушылары үкімге келіспей апелляциялық шағым түсірген еді, бірақ сот оны өзгеріссіз қалдырды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар