Астанада түнде отшашу шашқан 19 адам қамауға алынды
Соңғы уақытта тұрғын үйлердің маңында түнде музыканың даусын қатты шығарып, отшашу атып, туған күн иелерін құттықтау дәстүрі көбейіп барады. Астана қаласының прокуратурасы дәл осындай ұсақ бұзақылық жасаған азаматтарды жауапкершілікке тартқанын хабарлады, деп жазады Kursiv.media.
Отшашулар мен қатты шыққан әуен түнгі уақытта аулада тұрған көліктердің дабыл қағу жүйесінің жаппай іске қосылуына әкеп соғады. Салдарынан тұрғындардың мазасы қашып, олардың тарапынан орынды наразылық туындап жатыр.
Елорда прокуратурасы тәртіп бұзғандарды «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жауапқа тарта бастады.
Қазірдің өзінде 26 құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Олардың 19-ы 10 тәулікке дейін қамауға алынды, 14 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған 6 әйелге, сондай-ақ 1 кәмелетке толмағанға айыппұл салынды.
Айта кетейік, түнгі уақытта, адамдар арасында, тұрғын үйлердің немесе автокөліктердің маңында пиротехниканы іске қосу адамдардың өміріне, өрт қауіпсіздігіне, денсаулығына және мүлкіне тікелей қауіп төндіреді.
Бұған дейін Астанада түнгі уақытта отшашу ұйымдастырған ер адам 5 тәулікке қамауға алынды.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 11
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
12 қазан 2026