Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Менен мықты футболшы жоқ»: Роналду өзін тарихтағы ең үздік ойыншы деп атады

kz.kursiv.media

«Менен мықты футболшы жоқ»: Роналду өзін тарихтағы ең үздік ойыншы деп атады

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду өзін футбол тарихындағы ең үздік ойыншы санайтынын тағы да мәлімдеді. 41 жастағы шабуылшы Лионель Мессимен ұзақ жылдарға созылған бәсекелестігі туралы да пікір білдірді, деп хабарлайды Kursiv Media.

Роналду бұл туралы CNN Portugal телеарнасының журналисі Эду Агирреге берген сұхбатында айтты. Әңгіме шамамен бір жыл бұрын жазылғанымен, эфирге енді шыққан.

Португалиялық футболшы өзінің футбол тарихындағы орны туралы пікірін статистикалық жетістіктерімен түсіндірді.

«Мен футбол тарихында ең үздік футболшымын. Сандар бәрін айтып тұр. Өзімнен мықты ешкімді білмеймін. Тарих әлдеқашан жазылып қойған. Егер бүгін мансабымды аяқтасам да, ештеңеге өкінбес едім», – деді Роналду.

Шабуылшы аргентиналық Лионель Мессимен ұзақ жылдар бойы жалғасқан бәсекелестіктің екеуіне де пайдасы тигенін жеткізді.

Оның айтуынша, екі футболшы бір-бірін үнемі алға ұмтылуға ынталандырған. Роналду олардың бәсекелестігін «Формула-1» тарихындағы әйгілі шабандоздар Ален Прост пен Айртон Сеннаның текетіресімен салыстырды.

«Біріміз екіншімізді үнемі ынталандырып отырдық. Бұл «Формула-1»-дегі Ален Прост пен Айртон Сеннаның бәсекелестігі сияқты болды», – деді ол.

Роналдудың сұхбаты Португалия құрамасына қатысты дау аясында жарияланды.

Қыркүйек айының соңында шабуылшы Норвегияға қарсы кездесуде қосалқы құрамда қалғаннан кейін ұлттық құраманың орналасқан жерінен мерзімінен бұрын кеткені хабарланған.

Кейін футболшы мұндай шешім қабылдауына бас бапкер Жорже Жезушпен арадағы келіспеушілік себеп болғанын айтқан. Дегенмен ол ұлттық құрамадағы мансабын аяқтамайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Криштиану Роналду бұған дейін де өзін футбол тарихындағы ең үздік ойыншы деп санайтынын бірнеше рет айтқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар