Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қайрат Нұртастың концертінен 18 жастағы қыз ауруханаға түсті

kz.kursiv.media

Қайрат Нұртастың концертінен 18 жастағы қыз ауруханаға түсті

10 қазанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен Қайрат Нұртастың концерті кезінде 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы.

Медициналық қызметтің мәліметінше, зардап шеккен қызға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Кейін оны жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізген.

«Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы мамандардың бақылауында», – делінген хабарламада.

Әзірге қыздың концерт кезінде қандай жағдайда жарақат алғаны және жарақатының сипаты туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Оқиғаның нақты мән-жайы белгісіз.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар