Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Зеленский Украинада президент сайлауын өткізу үшін 60 күндік бітім талап етті

kz.kursiv.media

Зеленский Украинада президент сайлауын өткізу үшін 60 күндік бітім талап етті

Украина президенті Владимир Зеленский президент сайлауын өткізу үшін Ресеймен арадағы соғыс қимылдары кемінде 60 күнге толық тоқтатылуы керек екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол америкалық ABC News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Зеленскийдің сөзінше, АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның командасына Украинада сайлау өткізуге қандай жағдай қажет екенін бірнеше рет түсіндірген.

«Мен президент Трамп пен оның командасына бірнеше рет айттым: егер ол сайлау арқылы қандай да бір өзгеріс болғанын қаласа, Путинге екі ай, яғни 60 күн толық бітім беруді айтсын. Сонда біз сайлау ұйымдастырамыз. Әрине, біз халқымыздың, яғни Украина халқының кез келген таңдауын қабылдауға дайынбыз», – деді Зеленский.

Украина басшысы ел заңнамасы соғыс жағдайында сайлау өткізуге тыйым салатынын еске салды. Оның айтуынша, сайлауды ұйымдастыру үшін дауыс беру инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтарға өз таңдауын еркін жасауға мүмкіндік беру қажет.

«Ең бастысы – қауіпсіз инфрақұрылым қалыптастырып, адамдардың дауыс беруіне жағдай жасау. Қашан, қалай және кімге дауыс беретінін украин халқы өзі шешеді», – деді ол.

10 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшылығына қатысты пікір білдіріп, елге Ресеймен келісімге келе алатын жаңа президент қажет екенін мәлімдеген.

«Оларға келісім жасай алатын жаңа басшы керек», – деген Трамптың сөзін Associated Press агенттігі келтірді.

АҚШ президенті Украина әскерінің Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасауын сынға алды. Трамптың сөзінше, ол Зеленскийден мұндай соққыларды тоқтатуды талап еткен, өйткені олардың әлемдік деңгейде қиындық туғызатынын алға тартқан.

Украина заңнамасына сәйкес, әскери жағдай кезінде президент, парламент және жергілікті билік органдарының сайлауын өткізуге тыйым салынады. Мұндай жағдайда сайланбалы лауазымды тұлғалардың өкілеттігі әскери жағдай аяқталғанға дейін жалғасады.

Зеленскийдің бес жылдық президенттік мерзімі 2024 жылғы 20 мамырда аяқталуға тиіс болған. Алайда Ресейдің Украинаға қарсы соғысына байланысты елде әскери жағдай енгізілгендіктен, кезекті президент сайлауы өткізілген жоқ.

Ресей билігінің өкілдері осы жағдайды алға тартып, Зеленскийдің заңдылығына бірнеше рет күмән келтірген. Украина билігі болса, соғыс жағдайында сайлау өткізуге заң жүзінде тыйым салынғанын мәлімдеп келеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар