Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте Қайрат Нұртастың концерті кезінде 18 жастағы қыздың жарақат алуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция концертті ұйымдастырушылардың әрекетіне құқықтық баға беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген.
«Адамдардың көп жиналуына байланысты келушілердің бірі зардап шекті. Қыз медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында», – делінген полиция хабарламасында.
Оқиғадан кейін концертті ұйымдастырушылар полицияға жеткізілген. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Ұйымдастырушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция департаменті.
Еске салайық, 10 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы стадионда Қайрат Нұртастың концерті өтті. Іс-шара кезінде сегіз адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың жетеуі дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілген.
Ал жарақат алған 18 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді.
- Соңғы
- Қазан, 11
-
-
-
-
- Қазан, 10
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 09
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
12 қазан 2026