Биыл интернет-алаяқтықтан зардап шеккендерге 5,9 млрд теңге қайтарылды
Соңғы үш жылда еліміздегі интернет-алаяқтықтың саны 40%-ға азайып, ал мұндай қылмыстардың ашылуы 29,9%-ға өсті, деп хабарлайды Kursiv.Media Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылы интернет-алаяқтықтың 27 892 фактісі тіркеліп, зардап шеккендерге 5 млрд теңге қайтарылды. 2026 жылдың басынан бері 14 414 интернет-алаяқтық тіркелді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға аз. Зардап шеккендерге 5,9 млрд теңге өтелді.
Сонымен қатар үш жыл ішінде мұндай қылмыстардың ашылуы 29,9%-ға өсті. Мәселен, 2024 жылы 4 409 факт ашылды, 1 564 адам (оның ішінде қылмыстық топтардың ұйымдастырушылары мен қатысушылары) қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 2025 жылы 6 016 қылмыс ашылды, 1 750 адам жауапқа тартылды. 2026 жылдың 8 айында 3 977 интернет-алаяқтық ашылды, 1 128 адам жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар өткен жылдан бастап Қазақстанда дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік көздейтін бап қолданысқа енгізілді. Осы уақыт аралығында 1 018 дерек тіркеліп, 364 адам заң алдында жауап берді.
Ең көп таралған схемалар – телефондық алаяқтық, жалған инвестициялар, фишинг, хабарландыру сайттарындағы және әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі алаяқтық, онлайн-несиелерді заңсыз рәсімдеу, жалған сайттар мен қосымшалар.
Бұған дейін Kursiv.Media жеке деректерді хакерлерден сақтаудың маңызды жолдарын жазған еді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 11
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
12 қазан 2026