Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Перуде бір көшеге уақытша BTS тобының атын берді

kz.kursiv.media

Перуде бір көшеге уақытша BTS тобының атын берді

Оңтүстік Кореяның BTS тобы дебют жасағанна бері алғаш рет Перуге барды. Осыған орай ел астанасы Лима қаласында бір көше атауы өзгертілді деп жазады Kursiv Media.

Топ әлемдік ARIRANG туры аясында Сан-Маркос стадионында үш күн концерт өткізді. BTS құрметіне 5–11 қазан аралығында Сантьяго-де-Сурко ауданының әкімшілігі Сакраменто көшесінің атауын уақытша «BTS Avenue» деп өзгертті. Сондай-ақ көшеге арнайы белгі орнатылды.

Қаладағы танымал орындар да топтың фирмалық күлгін түсімен безендірілді. Достық саябағындағы Мавр аркасы арнайы жарықпен көмкерілді.

Перуге дейін BTS Оңтүстік Америкадағы туры аясында Колумбияда болған. Богота қаласындағы Эль-Кампин стадионында 2 және 3 қазанда өткен концерттерге 100 мың көрермен жиналды. Ал жергілікті Rolling Stone en Español басылымы бұл шоуды тұтас бір буын асыға күткен концерт деп бағалаған.

Оқи отырыңыз: BTS «Грэммиге» бойкот жариялады: Димаш Азияның үздік поп-музыканты атана ма

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар