Yandex істемей қалды: такси бағасын үш есе көтерген inDrive сервисі ескерту алды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі inDrive сервисіне бәсекелестік туралы заңнаманы бұзбау және жолаушылардың құқыңын шектемеуді талап етіп, ескерту жасаған.
«Бұған 2026 жылғы 11 қазанда «Яндекс Go» сервисінің уақытша қолжетімсіз болуына байланысты inDrive қызметіне сұраныстың күрт артуы және жекелеген жағдайларда жол жүру құнының үш есеге жуық өскені туралы БАҚ-та жарияланған ақпарат негіз болды», -делінген хабарлама.
Ал inDrive комиссиясын міндетті салықтарды төлеуге жететіндей етіп төмендеткенін, сондай-ақ жолаушылар мен жүргізушілер арасындағы саудаласудың шекті мөлшеріне қатысты шектеу енгізгенін хабарлаған.
«Алдын ала ескерту ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және такси агрегаторлары нарығында адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған», – делінген агенттік хабарламасында.
11 қазанда таңертең Yandex Go сервисі істемей қалған. Соның салдарынан такси шақырғысы келген көптеген адам inDrive қосымшасына көше бастады. Алайда жолаушылар саны күрт көбейгендіктен, такси табу қиындап, жолақы бағасы да өсті.
Ал Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Яндекс» сервистерінің жұмысындағы ақауға байланысты мәлімдемесінде такси және жеткізу қызметтеріне қажетті кейбір технологиялық компоненттер шетелде орналасқанын мойындады.
Yandex сервисінің жұмысындағы іркіліс елде отандық цифрлық платформаларды құру қажеттігін күн тәртібіне қайта шығарып отыр.IT-сарапшы Нұржол Табиғат елімізде мұндай платформа құруға техникалық мүмкіндік мол деп санайды.
Райымбек Төлешевтің пікірінше, елде Yandex Go деңгейіндегі такси сервисін іске қосу үшін мобильді қосымшаның өзі жеткіліксіз. Негізгі шығын инфрақұрылымға, деректерді өңдеуге және нарықта бәсекеге қабілетті болуға жұмсалады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
13 қазан 2026