Ақтауда екі қыз балалар алаңын өртеп, 5 млн теңге шығын әкелді
Ақтауда екі қыз балалар алаңындағы матрасты өртеп жіберген. Соның салдарынан ойын кешені, әткеншектер мен жердегі жұмсақ жабын өртеніп, 4 млн 890 мың теңге шығын келген деп жазады Kursiv Media Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 11 қазанда 32А шағынауданындағы №15 үйдің ауласында болған. Тұрғындар балалар алаңынан түтін шыққанын байқап, құтқарушыларға хабарлайды. Алғашында алаңда қоқыс өртенген деп тіркеледі. Бірақ кейін екі жасөспірім қыздың алаңда жатқан матрасты өртегені анықталды.
«Болашақ Өзен» ЖШС өкілдерінің мәліметінше, полиция оқиғаға қатысы бар екі қызды анықтаған. Компания келтірілген шығынды өндіріп алу үшін құқық қорғау органдарына арыз дайындап, қыздардың ата-аналарын жауапкершілікке тартуды көздеп отыр.
Компания балалар алаңының жалпы құнын 10,8 млн теңгеге бағалады. Ал өрттен келген шығын 4 млн 890 мың теңгені құрайды.
Оқи отырыңыз: Сіріңкесін сыртқа тастаған жүргізуші қасындағы көлікті өртеп жіберді
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
13 қазан 2026