Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда жеке үйлерге сұраныс артып келеді

kz.kursiv.media

Қазақстанда жеке үйлерге сұраныс артып келеді

Қазақстанда баспана саудасы бәсеңдеді. 2026 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 406 мәміле тіркелді. Бұл тамыздағы көрсеткіштен 1,1%-ға, ал былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 14,3%-ға аз.

Биылғы тоғыз айда ең көп мәміле маусымда жасалған мәміле саны- 39 053. Одан кейін көрсеткіш үш ай қатарынан төмендеп, қыркүйекте 35,4 мыңға түсті. Ал 2025 жылы ең жоғары көрсеткіш желтоқсанда тіркелген: бір айда 53 128 мәміле жасалды.

Сатып алу-сату мәмілелерінің динамикасы · 2025–2026

Өңірлер арасында Алматы мен Астана алда келеді. Қыркүйекте Алматыда 7 248, Астанада 6 119 мәміле тіркелді. Екі қалаға елдегі барлық мәміленің 37,8%-ы тиесілі.

Пәтер мен жеке үй саудасында қозғалыс әртүрлі. Тамызбен салыстырғанда пәтерлер бойынша мәмілелер 2,2%-ға азайса, жеке тұрғын үйлер бойынша 2,7%-ға артқан. Дегенмен сауданың басым бөлігі әлі де пәтерлерге тиесілі: қыркүйектегі барлық мәміленің 76,5%-ы осы сегментте жасалған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар