Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан бензин мен дизель өндірісін арттырды

kz.kursiv.media

Қазақстан бензин мен дизель өндірісін арттырды

Үкімет отырысында Қазақстандағы мұнай өнімдерін өндіру көлемі артқаны айтылды. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаровтың мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар–қыркүйегінде елде 11,9 млн тонна мұнай өнімі өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға көп.

2026 жылғы қаңтар–қыркүйектегі өндіріс көлемі, млн тонна

Оның ішінде бензин өндірісі 4,5 млн тоннадан 4,6 млн тоннаға, дизель отыны 4,7 млн тоннадан 4,8 млн тоннаға өскен. Авиакеросин өндірісі де артқан: тоғыз айда 0,7 млн тонна өндірілді. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 0,6 млн тонна болған.

Ал мазут өндірісі, керісінше, азайған. 2025 жылдың тоғыз айында 1,2 млн тонна мазут өндірілсе, биыл көрсеткіш 0,8 млн тоннаға дейін төмендеген.

Осылайша, мұнай өнімдерінің жалпы өндірісіндегі өсім негізінен бензин, дизель және авиакеросин есебінен қамтамасыз етілген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар