Ақан Сатаев Маңғыстауда Төремұрат батыр жайлы фильм түсіріп жатыр
Маңғыстау облысында Төремұрат батырдың өмірі мен ерлігі туралы «Қан мен Серт» атты тарихи фильм түсіріліп жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасаған Kursiv Media жазады.
Қазір түсірілім тобы Бейнеу ауданында жұмыс істеп жатыр. Фильмнің кейбір көріністері табиғат аясында, тарихи орындарда түсіріледі.
Картина режиссері – Ақан Сатаев. Фильмге Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, актерлер Дінмұхамед Ахимов пен Болат Әбділманов та қатысып жатыр.
Жобаның идеясын ұсынып, бас продюсері болған – Бағытжан Достанов. Сценарийді жазуға алты ай кеткен. Ал түсірілім жұмыстары алдын ала жоспар бойынша бір жарым айға созылады.
Төремұрат Тайлыбекұлы (1821–1863) – Кіші жүздің Таз руынан шыққан батыр. Ол палуан, мерген әрі домбырашы ретінде танылған. Өтен және Нарынбай батырлармен үзеңгілес серік болып, Ресей отаршыларының саясатына және ел шетіне тиген түрікпен аламандарына қарсы соғыстарда асқан батырлығымен көзге түскен. Көрсеткен ерлігі үшін есімі Таз руын жігерлендіретін ұранға айналған.
Бұған дейін Маңғыстауға әйгілі актер Джеки Чан келіп, «Құдай сауыты» франшизасының төртінші фильмін түсіріп кеткен еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
13 қазан 2026