ТЖМ тікұшағы Миялы ауылындағы науқасты Атырауға жеткізді
Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылынан шұғыл медициналық көмекке мұқтаж 2008 жылы туған науқас тікұшақпен Атырау қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлауынша, медициналық эвакуацияны «Қазавиақұтқару» ұшқыштары санитариялық авиация дәрігерлерімен бірлесіп жүзеге асырды.
Ұшу кезінде экипаж қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Ал медицина қызметкерлері жол бойы науқастың жағдайын үздіксіз бақылап отырды.
Айта кетейік, осыған дейін Алматы маңында Іле Алатау сілемдерінде жарақат алған екі ресейлік альпинист Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару тікұшағымен құтқарылды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
13 қазан 2026