НАТО Ресейдің шабуылына тойтарыс беретін стратегия жасап шықты
НАТО альянсқа мүше елдерге Ресей шабуыл жасаса, оған қарсы тұратын қорғаныс стратегиясын жасап шықты, деп хабарлайды Kursiv.media.
Euronews ақпаратына қарағанда, НАТО-ның Еуропадағы біріккен қарулы күштерінің бас қолбасшысы Алексус Гринкевич Варшава қауіпсіздік форумында альянстың жаңа қорғаныс стратегиясын таныстырды.
Оның мақсаты – НАТО елдеріне жасалған кез келген шабуылдың нәтижесіз болуын қамтамасыз ету.
«Соғыс теориясы» деп аталатын стратегия Ресей сияқты ықтимал қарсыластардың альянс аумағына басып кіруіне және әскери әрекеттер жүргізуіне жол бермеуге бағытталған. Гринкевичтің айтуынша, НАТО шабуылды тоқтатуға, қарсыластың күшін әлсіретуге және оның соғыс жүргізу қабілетін жоюға дайын.
Стратегия үш кезеңнен тұрады:
Block (бөгеп тоқтату) – қарсыластың алғашқы шабуылына тойтарыс беріп, одақтас елдердің аумағын басып алуға жол бермеу.
Blunt (әлсірету) – шабуыл жалғасқан жағдайда заманауи датчиктерді, ұшқышсыз жүйелерді және басқа да технологияларды пайдаланып, қарсыластың ілгерілеуін тоқтату.
Break (күйрету) – қарсыластың басқару жүйелерін, жабдықтау желілерін және әскери инфрақұрылымын істен шығарып, оның соғыс жүргізу мүмкіндігін жою.
32 мүше ел мақұлдаған стратегия дәстүрлі қару-жарақ пен құрлық әскерлерін жасанды интеллект, дрондар және оларға қарсы жүйелер сияқты озық технологиялармен ұштастырады. Құжатта Украинадағы және Таяу Шығыстағы қазіргі соғыстардың тәжірибесі де ескерілген.
Айта кететін жайт, Бундесвер Ресей мен НАТО арасында қақтығыс болған жағдайда Германияға күн сайын мыңға жуық жараланған әскери қызметкер келуі мүмкін деген сценарийді модельдеп жатқаны хабарланған еді.
- Соңғы
-
-
- Қазан, 12
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
13 қазан 2026