Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру тәртібі өзгеруі мүмкін
Қазақстанда шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН беру кезінде олардың елде заңды жүргені тексерілуі мүмкін. Ішкі істер министрлігі осыған байланысты мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгеріс енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Kursiv.media.
Жаңа тәртіп бойынша, ЖСН беру немесе бұрынғы нөмірге түзету енгізер алдында адамның Қазақстанда заңды түрде жүргені не тұрып жатқаны тексеріледі. Ол үшін иммигранттар туралы деректер базасындағы ақпарат пайдаланылады.
ІІМ бұл өзгеріс шетелдіктердің елде болу заңдылығын тексеруге және ЖСН рәсімдеу кезінде қолданылатын мәліметтердің дұрыстығын арттыруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжат 28 қазанға дейін қоғамдық талқылауда болады.
- Соңғы
-
-
- Қазан, 12
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
13 қазан 2026