Ауғанстанда киім кию талабын бұзды деген күдікпен 53 әйел мен қыз ұсталған
Ауғанстанда 2026 жылдың шілде-қыркүйек айлары аралығында киім кию және сыртқы келбет талаптарын бұзды деген күдікпен кемінде 52 әйел мен бір қыз қамауға алынған немесе ұсталған, деп хабарлайды Кursiv.Media.
БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясы (UNAMA) хабарлауынша, оқиға Герат пен Кабул қалаларында болған. Әйелдер чадра кимегені, шашы көрінгені, ашық түсті орамал таққаны, макияж жасағаны немесе қасында жақын туысы саналатын ер адамсыз қоғамдық орындарға шыққаны үшін ұсталған. Олардың бірнеше сағаттан кейін босатылғаны айтылады.
БҰҰ, сондай-ақ, әйелдерге, соның ішінде дүкен иелеріне тіл тигізу, күш қолдану және қамауға алумен қорқыту жағдайларына алаңдаушылық білдірді. Миссияның пайымдауынша, қауіпсіздікке қатысты қорқыныш пен қоғамдық қысым салдарынан мұндай оқиғалардың нақты саны бұдан да көп болуы мүмкін.
БҰҰ Ауғанстан билігін әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушілік әрекеттерді тоқтатуға, олардың құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуге және адам құқықтары жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға шақырды.
Айта кетейік, осыған дейін 50-ден астам халықаралық құқық және адам құқықтары сарапшы Ауғанстандағы гендерлік апартеидті халықаралық құқық аясында қылмыс деп тануға шақырған еді.
- Соңғы
- Қазан, 12
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
13 қазан 2026