Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан ТМД Жоғарғы соттары кеңесіне төрағалық етеді

kz.kursiv.media

Қазақстан ТМД Жоғарғы соттары кеңесіне төрағалық етеді

Қазақстанның Жоғарғы соты 2027–2028 жылдары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жоғарғы соттары төрағалары кеңесіне төрағалық етеді. Бұл шешім Минскіде өткен кеңестің екінші отырысында қабылданды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның Жоғарғы сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев 8–9 қазанда Беларусь астанасында өткен жиынға қатысып, сот жүйесін цифрландыру тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, сот істерін эксаумақтық тәртіппен бөлу, сот отырыстарын онлайн көрсету және судьялардың жұмысында жасанды интеллектіні пайдалану мәселелерін таныстырды.

Отырыс барысында ТМД елдері соттарының шешімдерін тану және орындау, судьяларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және алдағы екі жылға арналған ынтымақтастық жоспары талқыланды.

Кеңеске қатысушылардың шешімімен 2027–2028 жылдары Астанада екі отырыс өткізу жоспарланды. Олар онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылады.

Асламбек Мерғалиев бұдан бөлек, ТМД Экономикалық соты пленумының отырысына қатысып, Ресей, Беларусь және Тәжікстан Жоғарғы соттарының төрағаларымен екіжақты кездесулер өткізді. Тараптар кәсіби байланыстарды нығайтуға уағдаласты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар