Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде ер адам қызды пышақтап өлтірді

kz.kursiv.media

Ақтөбеде ер адам қызды пышақтап өлтірді

Ақтөбеде ер адам қызбен жанжалдасып, артынша пышақтап өлтірді. Бұл сәт камераға түсіп қалған, деп хабарлайды Kursiv.media.

Kriminal Kazakhstan ақпаратына қарағанда, қайғылы оқиға 10 қазан күні сағат 22:30 шамасында Ақтөбе қаласындағы Сәтпаев көшесінде болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз бен оның таныс ер адамның арасында жанжал туындаған. Артынша оған пышақ салған.

Бұл сәт бейнежазбаға түсіп қалған. Ер адам қызға жақындап келіп, сөйлеседі. Қыз тәжікелесуден қашып, орнынан тұрып, кете бастайды. Жігіт артынан жүгіріп барып, пышақ сұғады. Қызды мойнынан ұстап, көліктердің тасасына сүйреп әкетеді.

Алған жарақаттарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

Кісі өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кететін жайт, Алматыда қоғамдық көлікте жолаушыларды пышақпен қорқытқан 38 жастағы ер адам 12 тәулікке әкімшілік қамауға алынған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар