Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада Филиппин мемлекетінің елшілігі ашылады

kz.kursiv.media

Астанада Филиппин мемлекетінің елшілігі ашылады

Филиппин мемлекеті Қазақстанда елшілік ашуға ниетті. Бұл туралы Сыртқы істер минситрлігінң баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Kursiv.media.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан мен Филиппиннің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың екінші раундына қатысу үшін Астанаға келген Филиппин Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Лео М. Эррера-Лимді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және Қазақстан мен Филиппин арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ БҰҰ мен АСЕАН шеңберіндегі өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.

М. Тілеуберді саяси диалогтың оң серпінін, оның ішінде ағымдағы жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Филиппиннің Сыртқы істер министрі М.Т. Лазаромен өткен кездесуін атап өтті.

Қазақстан тарапы Филиппиннің Астанада Елшілік ашу ниетін құптап, тұрақты дипломатиялық өкілдіктің ашылуы екіжақты байланыстарды тереңдетуге және практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты саяси диалогты қолдауға және Қазақстан мен Филиппин арасындағы ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытуға өзара мүдделілігін растады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар