Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қайраттың концертінен кейін ауруханаға түскен қыздың жағдайы туралы не белгілі

kz.kursiv.media

Қайраттың концертінен кейін ауруханаға түскен қыздың жағдайы туралы не белгілі

Қайрат Нұртастың концерті кезінде топтың астында қалып, тапталып, ауруханаға түскен бойжеткен әлі де ауруханада жатыр. Бұл туралы Жетінші арнаға сілтеме жасаған Kursiv Media жазады.

Дәрігерлер дерегінше, 18 жастағы қыздың жүрегі мен миы зақымдалған. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр, әлі есін жимаған. Мамандар жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Одан бөлек бойжеткен концертте есінен танып жатқанда әлдекімдер ұялы телефоны мен құжаттарын ұрлап кеткен көрінеді.

Қазір бұл жағдайды полиция тексеріп жатыр. Әзірге жәбірленушінің туыстары сұхбат беруден бас тартты.

Еске салайық, 10 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы стадионда өткен Қайрат Нұртастың концертіне кезекте тұрған адамдар қысылып, үлкен кептеліс болды. 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Барлығы сегіз адам жарақаттанып, дәрігерлерге жүгінген.

Полиция концертті ұйымдастырушылардың бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар