Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев Бельгия королімен бірге балаларды оңалту орталығына барды

kz.kursiv.media

Тоқаев Бельгия королімен бірге балаларды оңалту орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филипп және патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Сапар барысында мәртебелі меймандар ерекше қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін медициналық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік көмек түрлерімен танысты. Орталықта балаларды оңалту үшін заманауи әдістер мен роботтандырылған технологиялар қолданылады.

Король мен патшайым балалармен, олардың ата-аналарымен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, интерактивті бағдарламаға қатысты. Сондай-ақ, қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Ұлттық балаларды оңалту орталығы психоневрологиялық бұзылыстары, сөйлеу және танымдық дамуында қиындықтары бар, соның ішінде церебралды сал ауруына шалдыққан және аутизм спектріндегі ерекшеліктері бар балаларға кешенді көмек көрсетеді.

Орталық жыл сайын Қазақстанның барлық өңірінен 5 мыңнан астам балаға оңалту қызметін ұсынады.

Кеше, 11 қазан күні Тоқаев меймандарды Астана халықаралық әуежайынан қарсы алды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар