Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан халықаралық қордағы алтын үлесін азайтпақ

kz.kursiv.media

Қазақстан халықаралық қордағы алтын үлесін азайтпақ

Ұлттық банк халықаралық резервтегі алтын үлесін төмендетіп, оны сатуға көшуді жоспарлап отыр. Бас банк жыл соңына дейін алтынның резервіндегі үлесін шамамен 3 пайызға қысқартып, 75 пайыз деңгейінде сақтамақ, деп жазады Bloomberg басылымы.

Бұл шешімге АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің артуы мен доллардың тартымдылығы, сондай-ақ резервтерді қайта теңгерімдеу қажеттігі себеп болып отыр.

Бұған дейін Қазақстан әлемдегі ең ірі алтын сатып алушылардың бірі болып келген. Алайда Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, қазіргі уақытта алтынның резервтегі үлесі 78 пайызға жуықтап, тым жоғары деңгейге жеткен.

Қыркүйек айының соңында шетел валютасындағы резерв 66,4 миллиард долларды құрап, Ұлттық банктің алтын қоры 386 тоннаға дейін өскен. Мұндай көрсеткіш активтердің бір ғана түріне тәуелді болып қалу қаупін тудыратындықтан, халықаралық резервтердің өтімділігін сақтау үшін қайта теңгерімдеу қажет болып отыр.

Алтын үлесін 75 пайызға дейін төмендету жоспарының жартысы опциондарды сату арқылы, ал қалған жартысы нақты алтын сату есебінен жүзеге асырылады. Егер бағалы металдың бағасы бір унция үшін 4 000 доллардан төмен түссе, алтын үлесі көзделген деңгейге автоматты түрде азаюы ықтимал.

Қыркүйекте Қазақстанның халықаралық резерві 4,3 млрд долларға азайып, 133 млрд долларды құраған. Оған қордағы алтын активтерінің 7,8%-ға арзандауы себеп болған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар